Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады

Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады

Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады
ашық дереккөзі
Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады», — деп түсіндірді министр.
Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, бұл жолы оны енгізу жоспарланып отыр.