Партиялық жоба аясында 147 зауыт ардагеріне жолдама берілді

Партиялық жоба аясында 147 зауыт ардагеріне жолдама берілді

Партиялық жоба аясында 147 зауыт ардагеріне жолдама берілді
ашық дереккөзі
Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде партиялық жобаларды іске асыру үшін БПҰ-ға партиялық жарналардың 20 пайызын қайтару тәжірибесі енгізілген болатын. Мұндағы басты мақсат — бастауыш партия ұйымдарына мән беру, олардың беделін арттыру. Партиялық жаңғырудың жаңа белесі, партия жаңалықтарын сайлаушыларға жеткізіп, ұйымдастырушы ретінде өз жоспарларын қайта қарап, жаңғыртудың жолына түскен облыс орталығындағы белсенді партия ұйымының бірі – «Қазақстан-Алюминий» АҚ. Бұл кәсіпорында шамамен 3800-ге жуық қызмет атқарып жүр. партиялық жоба AMANAT партиясының «Қазақстан-Алюминий» БПҰ мен зауыттың кәсіподақ ұйымы бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында 147 зауыт ардагерін Баянауыл ұлттық паркіндегі санаторлы-курорттық демалысқа жіберді. Партияластар ардегерлерге жолға және демалысқа қажетті туристік азық-түлік себетін табыстады. Өз денсаулығы мен күшін өндіріске салған ардагерлер партия мен зауыттың кәсіподақ ұйымына өздерінің ризашылықтарын білдірді.
«Жыл сайын біздің зауыт бізді қуантады, үнемі Кристалл демалыс үйіне демалуға жібереді. Бізді ұмытпай, зауыттағы адамдарды естен шығармайды. Бүгін біз үшін күтпеген жерден AMANAT партиясы осы сыйлықтарды табыстады, сондықтан біз көтеріңкі көңіл-күймен аттанамыз. Олардың көңілдері үшін көп рахмет», - деді алюминий зауыты ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғизат Бижанов.
Тағы да бір ардагер өз қуанышымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.  width=
«Енді біз Түркиядан артық сүйікті демалыс үйіне демалуға бара жатқанымызға сондай бақыттымыз. Көңіл-күйіміз өте жақсы, өйткені, партия, кәсіподақ, біздің пакеттерімізге қанша энергия жұмсағанын елестетіп көріңіздер. Әрқашан партия мен кәсіподақ бізбен бірге. Алға партия, алға кәсіподақ», - деді зауыт ардагері Вера Тюрина.
Ал Наталья Мельникова «AMANAT» партиясына партиялық жобасы үшін, қарт адамдарға қамқорлық көрсеткені үшін рахметін білдірді.  width=