Елімізде бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі

Елімізде бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі

Елімізде бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке және босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері артатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір жәрдемақы көлемін өсіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Заң бойынша, әйелдер жүктілігі үшін 12 ай, басқа жәрдемақы үшін 24 ай алады, мұның бәрі сақталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескеріп, жұмыстан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін өсіруді жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді. Әзірге төлемдердің қазіргі мөлшеріне қанша теңге қосылатыны белгісіз.