50306
ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары жойылды
ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары жойылды
8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер үшін шекарадан өту кезінде вакцинация мен ПТР-тестті растау бойынша талаптар жойылады. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады деп хабарлады turkystan.kz
Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:
2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинация растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға қарсы сынаманың теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талап.
Сонымен қатар еліміздің жеті өңіріндегі мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 көлік өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу.