«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілі елімізде алаяқтық жиілеп кеткенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекеттік корпорация өкілдері жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтаған. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде жасап беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін телефондарын өшіріп тастайды», - делінген хабарламада.Биыл сәуір айында ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.