Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
ашық дереккөзі
50347
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілі елімізде алаяқтық жиілеп кеткенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекеттік корпорация өкілдері жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтаған. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде жасап беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін телефондарын өшіріп тастайды», - делінген хабарламада.
Биыл сәуір айында ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары