Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетсек, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 шілдеге дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылған. Еске салсақ, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов 8 қаңтарда ұсталды. 13 қаңтарда билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталды. Кәрім Мәсімовтің ісін Қылмыстық кодекстің «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бабы бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергеу басталған. Еске салсақ, 6 шілде күні — Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан күні атап өтіледі. Сонымен қатар, бұл күні Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.