Тәуелсіздік жылдары 700-ден астам тәртіп сақшысы қаза тапқан

Тәуелсіздік жылдары 700-ден астам тәртіп сақшысы қаза тапқан

Тәуелсіздік жылдары 700-ден астам тәртіп сақшысы қаза тапқан
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қызметте жүрген 764 тәртіп сақшысы қаза тапты. Солардың ішінде 115 ұлан мен полицейдің отбасына мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы, Тәуелсіздік алғаннан бері қызмет бабындағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін 1 093 қызметкер марапатталды. Олардың ішінде қаза болған ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 115 қызметкері бар. Оған қоса, биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 54 қызметкері мемлекеттік наградамен, сондай-ақ 659 адам ведомстволық наградалармен, дипломдармен марапаттаkды», — делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, 25 жылдың ішінде ішкі істер органдарының екі қызметкері «Халық Қаһарманы» атағымен марапатталған болатын. Олардың біреуі — Ғазиз Байтасов. 2011 жылы ол Тараздағы лаңкесті ұстау операциясы барысында гранатаны өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан еді. Бұдан бөлек, биыл Ақтөбе мен Алматыдағы террорлық әрекеттер кезінде оққа ұшқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік және үкіметтік наградалар табысталатын болады. «Негізі, бізде адамды құтқарамын деп, опат болған полицейлер аз емес. Біреуді пышақтап кетеді, енді біреуі жүк машинасын өз көлігімен тоқтатып, адам құтқарған. Ондай мысалдар көп. Олардың барлығы — бүгінгі күннің қаһармандары», — дейді полицейлер.