Тарихи таңдау жасалды – Қазыбек Иса

Тарихи таңдау жасалды – Қазыбек Иса

Тарихи таңдау жасалды – Қазыбек Иса
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса жаңа саяси өзгерістерді қолдаған ел ескі саяси жүйемен қоштасқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Саяси жүйені жаңартуды жақтаған халықтың 77,18% пайызы референдумды қолдап дауыс берді. Яғни, 5 маусымнан бастап еліміз жаңа дәуірге қадам басты. Кейбіреулердің қолды сілтеп қойып: «Жаңа Қазақстан» боламыз» деді, енді неге бәрі бірден жаңаша болмайды» деуі, жұмсақ айтқанда, аңғалдық. Жаңа Қазақстан болу деген түймешені басып қалсаң, түгел бәрі жаңа болып шыға келетін аппарат емес. Немесе бірер айда апай-топай тұрғызып тастайтын тоқал там емес… Ол үшін ең кемі біраз жыл керек, арысы одан да көп. Өйткені жаңа Қазақстан болу үшін оның негіздері болуы керек, ол - ең алдымен, жаңа заңдар. Ол жаңа заңдарға келісімді референдумда 27 жылдан соң халық берді енді. «Бұл бұрынғы әннен өзгерек» деп дана Шәкәрім бабамыз айтқандай, бұл жолы бұдан бұрынғы дауыс берулерден мүлде бөлек, халықтың әділ таңдауы айқын сезілді. Сондықтан референдумда бәріміз өз таңдауымызды жасадық», - деді Қазыбек Иса.