Сарбаз өлімі: Президент тексеруді тапсырды

Сарбаз өлімі: Президент тексеруді тапсырды

Сарбаз өлімі: Президент тексеруді тапсырды
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды, - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәліметке сәйкес, осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланады.