«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушысына іздеу жарияланды

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушысына іздеу жарияланды

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушысына іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жарияланды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Агенттіктің мәліметінше, Серді алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар жасаған аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінген.
 «Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді. Іздеудегі адамды анықтау немесе оның болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты алу кезінде агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Іздеуде жүрген адамның тұрған және жүрген жері туралы шынайы ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ аты-жөнін жасыруға кепілдік беріледі.