Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті

Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті

Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті
ашық дереккөзі
«Манчестер Юнайтед» франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба командадан кетті деп хабарлады turkystan.kz. 29 жастағы футболшы маусым айының соңында келісімшарт аяқталысымен еркін агент ретінде кететінін растады.
«Команданың барлық өкілдері Погбаны «Манчестер Юнайтед» сапындағы еңбегі үшін алғыс білдірді. Алдағы уақытта біз оған тек сәттілік тілейміз», - деді клуб мүшелері.
Поль Погба «Манчестер Юнайтед» сапына алғаш рет 16 жасында келген. Ол 2012 жылы «Ювентус» сапына барды. Алайда, 2016 жылы ол 105 миллион еуро үшін ағылшындық командаға қайта ауысты. Ол жалпы "МЮ" сапында 233 кездесу өткізіп, 39 гол соғып, 51 нәтижелі пас берді. Ағылшындық командамен жартылай қорғаушы 2017 жылы Еуропа лигасы мен Англия кубогінің жеңімпазы атанды. Айта кетсек, қазір Погбаға франциялық ПСЖ, италиялық «Ювенус» және испаниялық «Реал» қызығушылық білдіруде.