«Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
«Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау шеңберінде Қазақстанда «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы өткізіледі деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл ең жақсы еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға мүмкіндік беретін конкурс. Қазір оған қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр. Конкурсқа қай сала екеніне қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Ол үш номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті» - еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады; «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. «Еңбек жолына» қатысу үшін тілек білдірушілер келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3)номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмесі мен жұмыс орнынан анықтама; 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болса мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін салуға болады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 23 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін жалғасады.