Түрмеге алкоголь кіргізбек болған азамат ұсталды

Түрмеге алкоголь кіргізбек болған азамат ұсталды

Түрмеге алкоголь кіргізбек болған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Түрмеге қоршау арқылы алкоголь құйылған сұйықтықтың көп мөлшерін жазасын өтеушілерге жолдамақ болған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 колониясында аумақтың сыртын бақылау кезінде мекеме қызметкерлері түрме аумағына күдікті зат лақтырмақшы болған адамды байқаған. Қызметкерлерден қашпақ болған күдікті ұсталып, одан 10-нан астам алкоголь сұйықтығы бар бөтелке, ұялы телефондар, құлаққаптар тәркіленген.
«Сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізуді болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Мекеме қызметкерлері әрдайым өз міндеттерін мұқият орындауда», - деді мекеме бастығы, әділет полковнигі Қайсар Батырбеков.
Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылатын болады.