Шымкент қаласының тұрғыны көшеде әйелін соққыға жықты (ВИДЕО)

Шымкент қаласының тұрғыны көшеде әйелін соққыға жықты (ВИДЕО)

Шымкент қаласының тұрғыны көшеде әйелін соққыға жықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының тұрғыны көшеде әйелін соққыға жықты деп хабарлады turkystan.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына "102" арнасына куәгерден хабарлама түскен. Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барған. Тексеру кезінде отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыпты ұрсысып қалып, күйеуінің оны ұрғаны анықталды. Алайда, әйел күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұндай әрекет қайталанған жағдайда азамат әкімшілік қамауға алынады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Шымкент Онлайн (@shymkent.online)