Шымкент қаласының тұрғыны көшеде әйелін соққыға жықты деп хабарлады turkystan.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына "102" арнасына куәгерден хабарлама түскен. Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барған. Тексеру кезінде отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыпты ұрсысып қалып, күйеуінің оны ұрғаны анықталды. Алайда, әйел күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұндай әрекет қайталанған жағдайда азамат әкімшілік қамауға алынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram