Ертіс өзенінен әйел өлі табылды деп хабарлады turkystan.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап. ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда полиция органдарына «Восточник-3» бау-бақша серіктестігінің маңында әйел адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«12 мамырда Үлбі полиция қызметі Ертіс өзенінен әйелдің мүрдесін тапты», – делінген баспасөз хабарламасында.Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қозғалған қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.