Соңғы қоңырау: 90-ға жуық түлек жауапкершілікке тартылды

Соңғы қоңырау: 90-ға жуық түлек жауапкершілікке тартылды

Соңғы қоңырау: 90-ға жуық түлек жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөзі
Маңғыстауда 90-ға жуық түлек әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Биыл 7002 жас түлек мектеп бітіріп, соңғы қоңырау облыс бойынша барлығы 142 жалпы білім беру ұйымдарында өткізілді. Мектеп бітіруші жас түлектер серуендейтін теңіз жағалауына және қаланың көрнекі жерлеріне жаяу полиция жасақтары, ювеналдық, учаскелік және патрульдік инспектор қызметкерлері және көлік жасақтары қойылып, түнгі мезгілде көшелер мен қоғамдық орындарда, ойын-сауық орындарында жасақтардың қызметі нығайтылды. Өткізілген шара кезінде облыс аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиға тіркелген жоқ.
«Жас түлектер автокөліктермен шерулер ұйымдастырып, жол-қозғалысы ережелерін бұзғаны жөнінде әлеуметтік желілерге әр түрлі сипаттағы бейнероликтер жариялады. Құқықбұзушылық жасаған автокөлік жүргізушілері анықталып, жол қозғалысы ережелерін бұзғандары үшін 89 адамға қатысты барлығы 119 әкімшілік іс құжаттары жинақталып, оның ішінде 35 автокөлік арнайы айыптұрақтарға жабылды», - делінген хабарламада.
Түлектер жасаған құқықбұзушылықтардың басым көпшілігі көлік терезесінен басын шығарып, өз өміріне қауіп төндіру дерегі болды. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен барлығы 55 әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ көлік құралдарының пайдалану қағидаларын бұзған 17 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабының әр түрлі бөліктері бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлікті құжатсыз басқарған немесе мүлде жүргізуші куәліктері жоқ 16 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша хаттама толтырылса, бес жүргізушінің көлікті басқара отырып, сақтандыру полисіне тіркелмегені анықталды.