«Рома» футбол клубы УЕФА Конференция Лигасының жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа турнирдің финалы Албанияның Тиранада қаласында өтті. «Арена Комбетаре» стадионында болған матчта «Рома» мен «Фейеноорд» клубтары кездесті. Кездесудің 32-минутында Николо Дзаньоло есеп ашты. Осыдан кейін таблодағы есеп өзгермеді.
Жүктелуде...