Министр 79 сөзден тұратын бір сөйлемді әрең оқыды (ВИДЕО)

Министр 79 сөзден тұратын бір сөйлемді әрең оқыды (ВИДЕО)

Министр 79 сөзден тұратын бір сөйлемді әрең оқыды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 79 сөзден тұратын сөйлемді оқып шықты деп жазды turkystan.kz. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым) баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің жазып әкелген мәтіні халықты таңдандырды.

«Атап айтқанда, ұсынылып отырған нормалар автобомиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдарға, республикалық және жергілікті маңызы бар автомабиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету міндетін, автобомиль көлігі саласындағы уәкілетті органға автоматтандырылған өлшеу стансаларының жұмысын ұйымдастыру қағидатын беру өкілеттігін, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 12 тоннадан асатын автокөлік құралдары иелері автоматтандырылған өлшеу стансалары қолданылатын аймақ арқылы өткен кезде өз автокөлік құралын салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуін қамтамасыз ету міндетін енгізуді көздейді» деп жазылған министрдің бір сөйлемі.

Айта кетсек, министр Заң жобасына енгізілетін өзгерістердің мақсаты мен маңызы жайлы баяндады.