Алакөл түбінен 1 тоннадай темір табылды

Алакөл түбінен 1 тоннадай темір табылды

Алакөл түбінен 1 тоннадай темір табылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сүңгуірлер тазартудың бірінші күнінде 90 келі темір шығарып алған деп хабарлады turkystan.kz. Көлдің түбін толық тексеру үшін құтқарушыларға үш күн қажет.
«Сүңгуірлер 207 демалыс базасын, оның ішінде «Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінің бойындағы 4,1 шақырым жағалаудың түбін тазартады. Мұндай шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы басталар алдында жүргізіледі. Соның барысында құтқарушылар азаматтарға қауіп төндіретін заттарды жиі тауып жатады» деп жазылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жұмыстың бірінші күнінде барлығы 90 келі темір, 2 балық аулау торы мен 10 шыны бөтелке шығарылды. Сүңгуірлер 1,5 шақырым жағалауды қамтып үлгерді.