АҚШ мектептерінің бірінде атыс болып, 21 адам қаза тапты

АҚШ мектептерінің бірінде атыс болып, 21 адам қаза тапты

АҚШ мектептерінің бірінде атыс болып, 21 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Оқыс оқиға АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте болған. Атыстан 21 адам қаза тапты. Оның 18-і оқушы, ал қалған 3-еуі ересек адам деп хабарлады turkystan.kz. BBC ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқушыларға оқ атқан 18 жастағы Сальвадор Ромас есімді жергілікті тұрғын. Қаскөйді оқиға орнына барған тәртіп сақшылары атып өлтірген. Сол атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған. Жасөспірімнің не себепті мұндай қылмысқа барғаны әзірге белгісіз. АҚШ президенті Джо Байден қайғылы оқиғадан көз жұмған адамдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты. Байден Ақ үй мен басқа мемлекеттік мекемелердегі туды 28 мамырға дейін төмен түсіруді бұйырды.