Ақмола дәрігерлері 570 грамдық сәбиді аман алып қалды

Ақмола дәрігерлері 570 грамдық сәбиді аман алып қалды

Ақмола дәрігерлері 570 грамдық сәбиді аман алып қалды
ашық дереккөзі
Ақмола облысының дәрігерлері салмағы 570 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды. Нәресте 90 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық көпбейінді аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесінде салмағы бес жүз грамнан сәл асатын сәбилерді күту және түрлі аурулардан сақтау шаралары жүргізіледі.
«Биыл 17 ақпанда аурухананың перинаталды орталығында салмағы 570 грамм сәби дүниеге келді. Жағдайдың ауырлығын және гестация мерзімін ескере отырып, 4 сәуірде нәресте одан әрі емдеу үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлерлердің кәсіби шеберлігі мен күтімінің арқасында нәрестенің салмағы 2200 грамға жетіп, 16 мамыр күні үйіне шығарылды», - делінген хабарламада.
Перинаталды орталықта жаңа туған нәресте 88 күн болды. Осыған дейін ақмолалық дәрігерлер 700 және 721 грамм салмақпен туған екі нәрестені құтқарып қалған болатын.