ҰБТ-ға камера алып кірген оқушыға қатаң шара қолданылды (ВИДЕО)

ҰБТ-ға камера алып кірген оқушыға қатаң шара қолданылды (ВИДЕО)

ҰБТ-ға камера алып кірген оқушыға қатаң шара қолданылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ кезінде видеокамера мен құлаққап қолданған оқушының жинаған балы жайлы айтты жазды turkystan.kz. ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен әрбір оқушы тексеріледі. Өткен аптада тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 21 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылған.
«Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарымызға түскен тестіленушіге тоқталсам. Тест тапсырушы қаңтар айында 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Видеожазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережесін бұзғаны белгілі болды. Ол тестілеу барысында видеокамера мен мини құлаққап қолданған», - дейді Руслан Емелбаев.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының мәліметінше, тест тапсырушының нәтижесі жойылып қана қоймай, осындай жағдайға жол берген қызметші тестілеуден шеттетілген. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылады. Ал, талапкер енді екінші мүмкіндігін пайдалана алмайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ruslan Yemelbayev (@ruslan_yemelbayev)