Олжас Сүлейменов жаңа партия ашатынын мәлімдеді

Олжас Сүлейменов жаңа партия ашатынын мәлімдеді

Олжас Сүлейменов жаңа партия ашатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Олжас Сүлейменов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «Қазақстан халық конгресі» деген жаңа партия ашатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Олжас Сүлейменов баспасөз өкілдерімен кездесуде жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін айтты. Сондай-ақ әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін жеткізді.
«30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни, жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады», – деді Олжас Сүлейменов.
Сондай-ақ, ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын айтады.