Ресейліктерге Қазақстан ЖСН-і сатыла бастады (ФОТО)

Ресейліктерге Қазақстан ЖСН-і сатыла бастады (ФОТО)

Ресейліктерге Қазақстан ЖСН-і сатыла бастады (ФОТО)
ашық дереккөзі
Ресейде бизнестің жаңа түрі пайда болды. Telegram әлеуметтік желісінде қазақстандық ЖСН саудасын жарнамалайтын делдалдар пайда болған. Оны қазақстандық JexeNews Telegram арнасының өкілдері әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz. JexeNews арнасының мәліметінше, делдалдар қазақстандық ХҚКО-да «өз адамдары» барын айтып, ресейліктерге Қазақстан ЖСН-ін 4500 рубльге (30 мың теңге шамасында) қашықтан рәсімдеп беруге уәде еткен. Қазақстандық ЖСН-ді рәсімдеу үшін бар болғаны куәліктің сканерленген нұсқасын және ақшаны жіберу жеткілікті екен. Рәсімдеу 1-2 күн уақыт алады. Делдалдар клиенттеріне ЖСН-нің түпнұсқа болатынына және бірден ҚМД сайтына тіркелетінін айтып, сендіріп жатқан көрінеді.  width=