Алматыдағы «Қазақстан» телеарнасының ғимараты сүрілетін болды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Қазақстан» телеарнасының ғимараты сүрілетін болды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Қазақстан» телеарнасының ғимараты сүрілетін болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншинаның мәлімдеуінше, Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өрттен қатты зардап шеккен «Қазақстан» телеарнасының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Қазір демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, жаңа ғимарат салуға құжаттар әзірленуде. Ғимаратты мұқият тексерген мамандар оның қазіргі сейсмикалық төзімділік талаптарына сай емес деген қорытындыға келген. Сонымен қатар нысанды қалпына келтірудің жалпы құны оның нарықтық құнының 85 пайызынан асады. Жаңа ғимараттың құрылысы бір жарым-екі жылға жуық уақытты алады. Онда төрт телеарнаның кеңсесі орналасады. Құрылыстың құны жобалық-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін белгілі болады. Қаржыландыру республикалық бюджеттен жоспарланған.