AMANAT партиясы: жастар еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда

Бұл туралы еліміздің жас мәжілісмендері – AMANAT фракциясының мүшелері  Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметов Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымы мен студенттерімен кездесуде бөлісті деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазір еліміздің барлық өңірлері мен елді мекендерінде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізуге қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы тұрғындарымен кездесулердің алғашқы толқынын аяқтай отырып, біз жас алматылықтар арасында өтетін референдумға деген жоғары қызығушылыққа назар аудардық. Себебі, кездесулерде көптеген өткір тақырыптар көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда», – деді депутат Мәди Ахметов.

Конституцияға енгізілген 33 түзетудің әрқайсысына қысқаша шолу жасай отырып, партияның республикалық штабының мүшелері олардың біреуіне жеке тоқталды. Мысалы, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық-үйлесімді моделі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша барлық жастағы, бұл ретте өздерін қандай да бір партиямен байланыстырмайтын белсенді азаматтарға жол ашатын болады.

Өз кезегінде партия мүшелері әрбір қазақстандықтың алдында маңызды шешім қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.

«Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі міндет қойды – елімізді әлемнің бірқатар дамыған мемлекеттердің қатарына шығару. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды», – деп түйіндеді мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі – қазақстандықтардың бірлігінің және демократиялық қағидаттарды табанды ұстануының көрнекі үлгісі болады деген ортақ пікірге келді. 5 маусымда өткізілетін референдум сайлау жасына жеткен әрбір азаматқа елдің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button