Тәжірибелі сарапшы Рахат Әлиевтің қалай өлгенін жайып салды

Тәжірибелі сарапшы Рахат Әлиевтің қалай өлгенін жайып салды

Тәжірибелі сарапшы Рахат Әлиевтің қалай өлгенін жайып салды
ашық дереккөзі

Тәжірибелі неміс сот-медициналық сарапшысы Бернд Бринкманн бұрынғы қазақстандық шенеунік әрі дипломат Рахат Әлиевті 2015 жылы ақпан айында Австрия түрмесінде зорлықпен өлтірді деген қорытындыға келген.Бұл туралы неміс басылымы Die Zeit-ке сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сарапшы Әлиевті тұншықтырып өлтірген деген қорытынды жасады, яғни қылмыскер немесе қылмыскерлер оның аузы-мұрнын жауып, кеудесін күшпен басқан. Австриялық БАҚ деректері бойынша, Бринкманн – танымал сарапшы, асылып қалу және тұншықтыру жайттары бойынша мамандандырылған. Әлиевтің зорлықпен өлтірілгені туралы қорытындыға өлікті сою протоколдары мен мәйіттің суреттерін сараптау арқылы келген. Оның сөзіне сүйенсек, Әлиевтің денесіндегі көгерген жерлер мен бет терісінің реңі оның зорлықпен өлтірілгендігін дәлелдейді. Әлиевтің қорғаушылары бұрынғы қазақстандық шенеуніктің өлімі себептерін тергеуді қайта бастауды талап етуді көздеп отыр.