Терек мамығын өртеген балалар 5 отбасыны баспанасыз қалдырды

Терек мамығын өртеген балалар 5 отбасыны баспанасыз қалдырды

Терек мамығын өртеген балалар 5 отбасыны баспанасыз қалдырды
ашық дереккөзі
Павлодарда ойыннан от шығып, екі қабатты үй өртенді деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
«Қызым екеуміз тек құжаттар мен мысықтарды алып шығып үлгердік. Мен халатпен жүгіріп шықтым. Төбе, еден, бәрі су астында қалды, ас үйдегі шкаф толығымен жанып кетті. Енді жарықсыз отырмыз. Тұрмыстық техника істей ме, істемей ме, әлі белгісіз», - дейді Алена Гладких.
Құтқарушылар дер кезінде үйдегі газ баллондарды сыртқа шығарып үлгерген. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мен куәгерлерден жауап алудың арқасында өрт себебі анықталды. Екі жасөспірім ойнап жүріп терек мамығын өртеп жіберген. Егер балалардың кінәсі анықталса, олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өрт салдарынан бес отбасы баспанасыз қалды. Бір пәтер толығымен жанып кетті, тағы жетеуі зақымдалды. Билік үйдің апатты болғанын және оны әлі де бұзуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Үш отбасы төтенше жағдайға дейін жаңа баспана алған. Қалған бесеуіне шұғыл түрде баспана тауып беру керек болып тұр.
«Жақында тұрғын үй қатынастары бөлімі оларды уақытша көшіру мәселесін шешеді. Зардап шеккен бес отбасыға баспана жалдау ақысы бюджет есебінен төленеді. Оларға тек коммуналдық қызмет ақысын төлеуі қажет», - деді Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов.