Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен қағылды

Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен қағылды

Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен қағылды
ашық дереккөзі
Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Үйін дуадан тазартпақ болған екі жергілікті азаматша алаяқтардың құрбаны болған. Екі жағдайда да алаяқ қайыр сұрап үйлеріне барған. Есікті ашқан бойда әйел тылсым күштер бұл үйде дуа барын сыбырлап жатқанын және оны тез арада тазартпаса қайғы-қасірет болатынын айтып қорқытқан. Келісім бергендеріне алтын, күміс секілді бағалы заттарын алдырып, тазартатынын жеткізген. Содан зергерлік заттарды қолына ұстаған күйі үйді айнала жүріп, біраз уақыттан соң ізін суытқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені құрады. Жәбірленушілер полицияға хабарласқан соң, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
«Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын тексергеннен кейін күдіктінің таксиге отырғанын анықтады. Жедел қызметкерлер көліктің нөмірі бойынша такси жүргізушісінің жеке басын анықтап, сұхбат жүргізді. Ол әйелді үйіне жеткізіп салған болып шықты. Тәртіп сақшылары жалған көріпкелді тұрғылықты жері бойынша ұстады» деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда «Алаяқтық» бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.