Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды. Ол 1953 жылы Алматыда өмірге келген. Оның әкесі - белгілі жазушы Кемел Тоқаев, ал анасы - мұғалім Тұрар Шабарбаева. Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. Президент туған күнін атап өтуді ұнатпайды. Отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. Бұл туралы бұған дейін баспасөз хатшысы болған Берік Уәли мәлімдеген еді. Әдебиет сыншысы Серік Қирабаевтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі әкесінің майданда қайтыс болған Қасым деген ағасының құрметіне қойылған.
«Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін»,- деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасым-Жомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау», деп көрсеткен», – деп жазған Қирабаев өзінің естелігінде.