Қазақстан аумағынан қант шығаруға болмайды

Қазақстан аумағынан қант шығаруға болмайды

Қазақстан аумағынан қант шығаруға болмайды
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен құрақ шикізаты қантын шығаруға тыйым салынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға аталған шаралардың қолданылғаны туралы хабарлау тапсырылды.

Бұйрық 2022 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.