16 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді

16 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді

16 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді
ашық дереккөзі
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәлімдеуінше, 16 мамыр күні  Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді деп хабарлады turkystan.kz РИА Новостиға сілтеме жасап. Қатысушылар кездесу өткізіп, іскерлік таңғы ас форматында сөйлеседі. Оның айтуынша, таңғы асқа Ресей президенті Владимир Путин де қатысады.
«16 мамырда ҰҚШҰ құрылуына 30 жыл толуына орай мүше елдер Мәскеуде саммит өткізеді. Бұл көшбасшылардың кездесуі әрі іскерлік таңғы аста жекелей сөйлесуі ретінде де өтеді. Шара аяқталған соң журналистерге ақпаратты ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян береді», – деді Песков.
ҰҚШҰ құрамында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан бар. Айта кетсек, бұған дейін Путин думаға ҰҚШҰ жарғысына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс білдірген еді. Яғни ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізу жоспарланған.