«Украинадағы әскери қақтығыс жуырда тоқтамайды» – БҰҰ

«Украинадағы әскери қақтығыс жуырда тоқтамайды» – БҰҰ

«Украинадағы әскери қақтығыс жуырда тоқтамайды» – БҰҰ
ашық дереккөзі
Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы әскери әрекеттерге қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Украинадағы қақтығыстар жуырда тоқтамайды деп хабарлады turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап. Гутерриш тіпті соғысты тез арада тоқтатуға және жақын болашақта бейбіт келіссөздер жүргізуге мүмкіндік жоқ деп отыр. Бұл туралы ол сәрсенбіде Венада БҰҰ ішкі конференциясының ашылу салтанатының алдында айтты.
 «Бұл соғыс мәңгілік емес. Бейбіт келіссөздер жасайтын күн туады. Бірақ мен оны таяу уақытта болады деп ойламаймын. Алайда бір нәрсе айтайын. Біз ешқашан берілмейміз», – деді БҰҰ бас хатшысы.
Сонымен қатар, ол осы соғыстың салдарынан әлемге ашаршылық қаупі төнетініне  алаңдайтынын жеткізді. Себебі Украинадағы соғыс әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жатыр.