Киберқылмыс өршіп тұр

Киберқылмыс өршіп тұр

Киберқылмыс өршіп тұр
ашық дереккөзі
Ғаламдық ақпарат пен цифрлық даму үдерісінде интернеттің үстемдік алуы оның кез келген салада кең қолданысқа ие болуы­на жол ашты. Солайша көп қызмет көр­сету орындары оффлайннан онлайн форматқа да ауысты, аса маңызды мәселелерді бірер мезетте шешу мейнстрим болудан қалды. Яғни, сан­дық құрылғыларды қашықтықтан басқару ар­қылы жұмысты жеңілдету мен жеделдетуге мүм­кіндік алдық. Ең күрделі деген функция­лар­дың өзі электронды түрде жүзеге асырылып, ин­тернет қолданушыларының қажеттіліктері жай­лап қанағаттандырыла бастаған тұста оған кері ықпал ететін факторлар да белең ала бас­тады. Адамдардың әлеуметтік қалаулары мен тұрмыстық тұтыну тетіктерін тап баса білген алаяқтар да айла тәсілдерін өзгертуге көшті. Бұрын қоғамдық орындар мен мекемелерді, сауда-саттық орталықтарын, қаржылық ұйымдарды жағалап жүретін қалта қаққыш қулар енді бәрі үдере көшкен интер­нетті иектейтін болды. Солайша олар жүзбе-жүз көріп, бетпе-бет сөйлесіп көрмеген «клиент­теріне» өздері қолай көрген қызметін ұсы­нып, түрлі тауарларын сата беретін дең­гейге жетті. Және олар жай адамдар емес, вир­туалды әлемнің бүге-шігесіне дейін ақтарып біліп алған әккі баукеспелер. Яғни олар – цифрлы құрылғылардың бағдарламалау тілін жетік меңгергендер, IT мамандары, байланыс ха­кер­лер сияқты «кәсіби» киберқыл­мыс өкілдері. Олар көбіне «кардинг», «фишинг» тә­сіл­дерін қолданып, тұтынушылардың ЖСН, төлем картасының немесе шоттың де­рек­тері, SMS-хабарлама коды және тіпті ЭЦҚ ко­ды сияқты конфиденциалды деректерін ұр­лаумен айналысады. Кардинг – төлем карталары арқылы жү­зеге асатын алаяқтық операциялар. Олар – банк картасын заңсыз иелену; интер­нет­те сауда және төлемдер жасау мақсатымен карта деректерін ұрлау; жалған карта жасау мақ­сатымен деректерді көшіру. Оның ең басты мақ­саты – қаражатқа қол жеткізу. Фишинг – бұл пайдаланушылардың жеке деректерін, логиндер, құпия сөз­дер мен банкингке қол жеткізуді көздейтін ин­тернет-алаяқтықтың түрі. Ірі банктер мен ұйым­дардың балама сайтын жасау да кең тара­ған интернет-фишинг айласы. Алаяқтар пай­даланушыларды фишинг-сайттарына алдап тар­тады да, олардың электрондық мекенжай­лары­на қол жеткізгеннен кейін, құнды сыйлық иесі болдыңыз деген хат жібереді. Сыйлықты ие­лену үшін банк картасы деректерін жіберу қа­жеттігін хабарлайды. Осы тұста ІІМ Криминалдық полиция де­партаменті жариялаған ең жиі кез­де­­сетін интернет-алаяқтықтың үш дерегіне тоқ­­талсақ. Біріншісі, киберқылмыс өкілдері ин­тернетте тауар мен оны жеткізіп беру тура­лы хабарландыру орналастырады. Яғни олар өз құрбандарын тауардың төмен бағасымен, қол­жетімділігімен қызықтырады. Содан кейін тауар­­дың жарты бағасын алдын ала төлеу ке­ре­­гін айтады. Ал төлем жасалғаннан кейін іс­ке үшін­ші адам араласады. Ақшаны алған соң зар­дап шегушіге тауардың басқа елде екені, оны елге жеткізу керегін, мәселелер туындап жат­­қанын айтады. Кейін сол байланысқа шық­қан адамдардың телефоны өшіп, тауар да жоқ болады. Екіншісі – киберқылмыс ішінде ең жиі кез­десетін онлайн кредит рәсімдеу де­ре­гі. Онда алаяқ интернет-дүкен иесіне ал­дын ала төлем жасау керегін айтады. Тұтынушы оған жеке мәліметін, реквизитін, жеке сәй­кес­тендіру, банк картасының нөмірін берген сәтте қыл­мыскер оны тиімді пайдаланып, дүкен иесі аты­нан кредит рәсімдеп үлгереді Үшіншісі ол – жоғарыда айтып кеткен фи­шинг әдісі арқылы адамдардың жеке дерек­теріне ие болу. Алаяқтар қарапайым адамдарға хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде та­ныстырады. Содан соң клиенттің картасында күмән­ді операция жүргізілгенін айтады. Одан әрі осы әрекетті бұғаттау үшін картаның ар­тын­дағы 3 таңбалы санды айту керектігін тү­сін­діреді. Қажетті мәліметі қолына тиген олар осы сәтте интернет-банкинг арқылы зардап ше­­гушінің есепшотындағы ақшаны алып қоя­ды. Бас прокуратураның осы мамыр айында көрсеткен статистикасы бойынша, соң­ғы 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық фак­тісі 10 есеге өскен. Нақтырақ айтқанда, 2017 жы­лы 2 мың шамасында тіркелген кибер­қы­л­мыс дерегі 2021 жылы 21 мыңға дейін артқаны анықталған. Әсіресе, азаматтардың әлеуметтік желі­лер­дегі онлайн сауда мен танымал сайт­тар арқылы алаяқтық құрбаны болу көр­сеткіші айтарлықтай екен. Сонымен қатар қыл­мыскерлер онлайн қарыз алу жолымен жә­не банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқ­тар көбінесе құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнама­лай­ды. «Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жым­қыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағ­дайда алаяқтардың қасақана ойын іске асы­руына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Ин­тернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға ке­нелемін деп, опық жеп қалады. Осындай қыл­мыстарды азайту үшін цифрлық техно­ло­гияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледік. Киберқылмысқа қар­сы күрес орталығының да, оның аумақтық бө­лім­шелерінде штат саны көбейді. Онлайн не­сие алу тәртібін қатаңдату мақсатында био­метрика және ЭЦҚ қолдану міндетті болды» делінген хабарламада. Бас прокуратураның дерегінше, ки­бер­қыл­мысқа қарсы жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тардың легі көп. Соның бірі – Қаржы на­рығын реттеу және дамыту агенттігімен бір­ге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы жасалған меморандум. Сонымен бір­ге мемлекеттік орган өкілдері ел азамат­та­рын онлайн сауда-саттық, байланыс кезінде аса мұқият болуға үндеді. «Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нә­тиже беруде. Өткен жылмен салыстырғанда ин­тернеттегі алаяқтық фактілерінің саны 7-ден 4,5 мыңға дейін (34 пайызға) азайды. 808 (644) іс сотқа жолданды. Сондай-ақ өңір­лер­де осын­дай іспен айналысқан қылмыстық топ­тар ұсталды. Осы тұста тұтынушылар онлайн сау­да жа­сайтын кезде күмәнді транзак­ция­лар­дан бас тартуға шақырамыз. Банк картасының дерек­терін, шот номерін және қауіп­сіздік кодын бөтен адамға бермеңіздер. Кү­мән туғызған сіл­теме бойынша кіріп, ол жер­ге жеке мәлі­мет­теріңізді енгізбеуді ұсына­мыз», – дейді Бас про­куратура. ІІМ Криминалдық полиция департаменті ки­берқылмысқа қарсы күрес өкілі Рүстем Дүй­сетаевтың сөзінше, 2020 жылы елімізде 14 мың ин­тернет-алаяқтық жасалса, өткен жылы оның саны 21 мыңға жеткен. – «Биыл қаңтарда интернет арқылы 1177 алаяқ­тық әрекет істелген. Интернет-алаяқтық қыл­мысының кең таралған түрі – тауар сату. Яғ­ни интернет арқылы тауар сатады, сатып алу­шы алдын ала ақшасын төлейді, бірақ тауар жоқ. Содан соң микрокредиттік мекемелерден он­лайн несие алу. Цифрлық технология да­мы­ған сайын алаяқтықтың түрлі әдіс-тәсілі пай­да болып жатыр». Оның айтуынша, алаяқтық көбінесе қа­рызға ақша беру арқылы жасалады. Нақ­ты түрлерін атасақ, төменгі пайызбен не­сие беру, қызмет көрсету, жылжымайтын мү­лік­ті сату тағы да сол сияқты деректер біз қоз­­ғап отырған мәселенің өршуіне себеп бо­лып тұр. Қазір жоғарыда аталған интернет-фишинг түр­лерінен бөлек, әлеуметтік желілерде тарал­ған алаяқтық фактілері де азаяр емес. Тіс қақ­қан киберқылмыскерлер желі қолдану­шы­ла­рын қақпанға түсірудің басқа бір әдіс-тә­сіл­дері­не көшкен. Оны жасау үшін «кәсібиліктің» қа­жеті жоқ. Кез келген бот парақшалар мен фейк аккаунт иелерінен бастап, ақша табудың қи­тұрқы жолдарының көзін тапқан қара­пайым адамдар да оған мысал бола алады. Оның ішінде жиі кездесетіндері – қайы­рым­ды­лық қорлары, науқас жандардың атын жа­мылып, «қайыр» тілейтіндер, тұрғын үй немесе көлік алып беруге көмектесемін деп алдап соғатын делдалдар. Соңғы уақытта олардың қа­тарына әлеуметтік парақшаларында белгілі, белгісіз компания, тауарларды жарнамалап, өз аудиториясындағы жазылушылардың сан со­ғып қалуына себепкер болып жүрген өнер жұл­дыздары мен блогерлер де қосылып жатыр. Соңында жарнама жасатқаны мен жасағаны да ақталып, қашып құтылып, солардың сөзіне се­ніп, қалтасы қағылған қарапайым адамдар ға­на зардап шегеді. Осылайша басқаша өң алып шыға келген алаяқтықтың аяғына тұсау салу мен оларды жедел түрде заңды тұрғыдан жауапкершілікке тартуда әлі де болса босаңдық бар. Мысалы, жақында ғана қаржылық пира­мида мен «сиқырлы» қызыл жіпті жарнама­ла­ған танымал блогерлердің үстінен іс қозғалған кезде басты назар соларға ауып, негізгі алаяқ­тар­­дың жазалануы мен одан зардап шеккен жә­бірленушілердің құқығының қорғалуы кейінгі сатыға түсіп қалды. Дегенмен оның да нақты алаяқтық фактісі ретінде тіркеліп, ақ­па­­рат­тық, заңдық сүзгіден өтетін кезі келген тәріз­ді.
Мәулен СПАНҚҰЛОВ, заңгер: – Интернет алаяқтарының жолын кесу оңай емес. Өйткені олардың көбісі шет мем­лекеттерде жүріп те, Қазақстанның ішіндегі кар­точкаларды қолдана отырып, жұмыс істей­ді. Олар адамдардың жанды жерінен басып, «Үй алып беремін», «Кредит алып беремін», «Кре­дитіңді жауып беремін», «Банктегі қара ті­зімнен шығуға көмектесемін» деген сөз­дер­мен арбаумен айналысады. Оның бәрі – жал­ған. Негізінде біздің елімізде заңды түрде бұн­дай «делдалдық» қызметтер көрсетілмейді. Еш­кім кредит алып немесе қара тізімнен шы­ғуға көмектесе алмайды. Оны жасайтын тек банк қызметкерлері немесе микроқаржылық ұйымдар. Жалпы, оңай жолмен пайда көру, ақша табуды көздейтін жолдың бәрі түбінде сан соқтырады. Ал әлеуметтік желілерді пайданала оты­рып, танымал жұлдыз, блогерлер қандай да бір компания, тауарларды жарнамалайтын болса, ол – өздерінің құқықтары. Біріншіден, оларға ешқандай жарнама жасама деп айтуға қақымыз жоқ. Екіншіден, әр адам белгілі бір тауарды сатып алмастан бұрын оны арнайы зерттеп, тал­дап, таразылап алғаны дұрыс. Компания­лар­ға да ақша салатын кезде оларды да тексе­ріп алу керек. Мысалы, олардың БИН нөмірлері, аттары арқылы олардың шоттарында аресттер бар ма, жоқ па деген сияқты көп мәліметті анық­тап алуға болады. Ол компания қанша жыл­дан бері және қандай салық төлеп келе жа­тыр, сол төленген салық мөлшеріне байла­ныс­ты олардың қаржылық айналымы қанша, соның бәрін біле аласыз. Егер ол компания 1-2 жыл ғана жұмыс істеген болса және күмән ту­дыратын деректер болса, әрине оған жо­ла­маған дұрыс.

Әсем БЕКТЕМІРҚЫЗЫ