Қазақ министрі Ердоғанды таңқалдырды (ВИДЕО)

Қазақ министрі Ердоғанды таңқалдырды (ВИДЕО)

Қазақ министрі Ердоғанды таңқалдырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қазақстанның 10 министрі жұмыс сапарымен Анкараға барған деп хабарлады turkystan.kz. Ердоғанның Қазақстан Үкіметінің мүшелерімен танысу сәті түсірілген видео НеХабар Telegram арнасында жарияланды.  Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен қол алысқан Ердоған сәл кідіріп, әңгімелескен. Кулли президенттік сарайында ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не жайлы сөйлескенін айтып берді.
«Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін білетінімді атап өтті. Бұл туралы да сөйлестік. Мен білемін, сөйлей аламын дедім. Жас көрінесің деді. Жасымды айтқанымда қатты таңғалды», – деді Мусин Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында.
Айта кетсек, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.