Елорда әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Елорда әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Елорда әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
«Барыс-Аренада» жұлдыздармен концерттің өтетіні туралы хабарлама – фейк деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми  сайтына сілтеме жасап. 8 мамырда «БАРЫС АРЕНА» ғимаратында концерт өтетіні туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды! Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. «БАРЫС АРЕНА» ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың MTEXmanagement спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания да қала тұрғындарына концертті өткізу шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап концертке шақыруды жалғастырып жатыр. Осылайша адамдарды шатастырып әлек. Қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған», – делінген елорда әкімдігінің ресми хабарламасында.
Тағы оқи отырыңыз: «Референдум алдында аноним үгіт материалдарына тыйым салынады» – Бас прокуратура