Еркін ОҢҒАРБАЕВ, заң ғылымдарының докторы, профессор: Референдум – халық үшін маңызды демократиялық институт

ашық дереккөзі
– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Консти­ту­цияға түзетулер бойынша жалпы республикалық референ­дум өткізуді ұсынған еді. Менің ойымша, бұл – қазіргі уақыттағы ең ұтымды ше­шім. Себебі референдум – халық үшін ең қажетті және маңыз­ды демократиялық институт. Бәрімізге мәлім, Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы Консти­ту­ция­мызды қабылдаған кезде өткен болатын. Қазір Жаңа Қазақстанды құру жолында ре­формаларды толыққанды іске асыру үшін референдум өткізу ауадай қажет. Ал еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келетін болсақ, олар біздің мемлекеттік құрылысымыздың – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» негізгі формуласын іске асыруға тиіс. Алдағы уа­қытта «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен то­лық­тыру­лар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданған жағдайда, оның Жаңа Қазақстанды құруға ықпал ететініне күмән жоқ.