«1 млн 605 мың теңге»: «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында көмек көрсетілді

«1 млн 605 мың теңге»: «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында көмек көрсетілді

«1 млн 605 мың теңге»: «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалына Р.К.Қабыкенова мүмкіндігі шектеулі бала Марлен Оразғалиға орган трансплантациясы бойынша ота жасау үшін қалалық мәслихат депутаттарынан көмек сұрады  деп хабарлады turkystan.kz. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партиялықтар уақытша қиындықтар туындаған отбасыларға барып, көмек пен қолдау көрсетілді. «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нияз Макраевтің, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, партияның мүшелері мен ардагерлер қоғамының, партияның ЭГФ жанындағы кеңес мүшелерінің көмегімен балаға материалдық көмек көрсетілді. Қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде 1 млн 605 мың теңге жиналып, баланың ата-анасына берілді.