Елордада жер мәселелері бойынша кеңес беретін орталық ашылды

Елордада жер мәселелері бойынша кеңес беретін орталық ашылды

Елордада жер мәселелері бойынша кеңес беретін орталық ашылды
ашық дереккөзі
ваЕлордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан «Жер мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру орталығы» ашылды деп хабарлады turkystan.kz.  Жер мәселелері бойынша консультациялық орталық елорда маңындағы тұрғындардан бастап, барша қазақстандықтарға консультациялық қызмет көрсетуге қауқарлы. Елімізде жер пайдаланушылар қатарында  саяжайлардың, жеке үйлердің, учаскелердің, ауыл шаруашылығы жерлерінің иелері мен гараждардың иелері бар. Осы жер пайдаланушылар өз територияларына байланысты түрлі ірілі - ұсақты сұрақтар туындаған кезде мемлекеттік органдарға жүгінетін еді. Бірақ, мәселе бір орталықтан шешіліп, бір жерден жауап алуға мүмкін болмайды. Салдарынан азамат бірнеше мекемеге бас сұғады. Осы олқылықтың орнын толтырып, «бір терезе» қағидаты негізінде студенттерді тарта отырып, кеңес беру орталығы құрылды. Өтініш беру өте қолайлы. Өтініштер телефон арқылы немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы да қабылданады. елорда Студенттер мен оқытушылардан құралған жобалық топ қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кетті. Өтініш түсіп, барлық жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін орындалған жұмыс актісіне екі жақты қол қойылады. Қажет болған жағдайда өтінімдерді өңдеу жұмысына университеттің студенттерінен бөлек, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласындағы жерге орналастыру, сәулет және дизайн факультеті мен Технологиялық құзіреттілік орталығының мамандары тартылып отыр. Сондай ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ  да консультациялық көмек көрсетеді. Сонымен бірге, мамандар жергілікті жерге барып, заманауи технологиялық тұрғыдан  мәселені анықтауға да қатысады.