Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда. Тағы оқи отырыңыз: Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды Әскерде қайтыс болған сарбазға ескерткіш орнатылады