Актер Жан-Клод Ван Дамм қолы жоқ қазақ суретшісіне алғыс айтты (ВИДЕО)

Актер Жан-Клод Ван Дамм қолы жоқ қазақ суретшісіне алғыс айтты (ВИДЕО)

Актер Жан-Клод Ван Дамм қолы жоқ қазақ суретшісіне алғыс айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Америкалық актер, режиссер және түрлі трюктарды қоюшы Жан-Клод Ван Дамм қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковке сұңқар құс бейнеленген картинасын сыйлағаны үшін алғыс айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен жылы Дубайдағы ЭКСПО көрмесі аясында менің жеке көрмем өтті. Кейін онда өзімнің бірнеше жұмысымды қалдырдым. Жақында Ван Дамм сонда келген. Дубайда ол сұңқарлар туралы фильм түсіреді. Ван Дамм қазақстандық павильонда болған кезде Дәуіт Шайхисламов, Әлихан Жарылғапов пен Ермекжан Өсіпбеков оған мен туралы айтып, видео көрсеткен екен. Содан кейін олар маған қоңырау шалып, оған суретімді беруге рұқсат сұрады. Мен қуана-қуана келістім. Мен үшін бұл үлкен құрмет. Міне, Ван Дамм маған арнап видео жазды. Онда ол мен сияқты суретшімен танысып, менің жұмысымды көрсеткенін айтты. Мен өз кумирімнің назарына іліккеніме өте қуаныштымын», – деді Кәріпбек Күйіков.

Жан-Клод Ван Дамм өзінің видеохабарламасында қазақстандықтарға сәлем жолдап, суретшіге алғыс айтады. Оның сөзінше, суретшінің еңбектері таңғалдырарлық. Кәріпбек Күйіков – ерні мен аяқ саусақтарының көмегімен картиналар салатын қарағандылық суретші, Халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі. Ол Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарынан қос қолсыз дүниеге келген.