Қазақстанда алғаш рет эндаументтер форумы өтті

Қазақстанда алғаш рет эндаументтер форумы өтті

Қазақстанда алғаш рет эндаументтер форумы өтті
ашық дереккөзі
50317
Бүгін Л. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінде ENU Endowment Fund таныстырылымы және еліміздегі алғашқы «Қазақстанның Эндаументтері» форумы өтті. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік мекемелердің, білім беру ұйымдарының, қаржы компанияларының және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері қатысты. ENU Endowment Fund құрылтайшылары Л. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің түлектері. Эндаумент-қорды құрудың негізгі мақсаты – тұрақты дамуды қамтамасыз ету және келешекке әлеуметтік, білім беру, ғылыми және мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді қосымша ресурстар тарту. Таныстырылым барысында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Ерлан Сыдықов  университет түлектерінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін атап өтті.  «Біздің түлектеріміз ENU Endowment Fund құруға бастамашылдық танытты. Университетімізде эндаумент тәжірибесі жүзжылдықтармен өлшенетін үздік әлемдік жоғары оқу орындарының үлгісі бойынша мақсатты капитал қорының құрылуы – бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Олар тек ЕҰУ ғана емес, сонымен қатар қазақстандық білім беру саласындағы маңызды жобаның алғаш ашқандар. Жақын арада қордың табысы дарынды студенттерге және олардың инновациялық жобаларына қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Осылайша, түлектер өздерінің білім алған ЖОО өміріне белсене  араласып, адам әлеуетін дамытуға ғана емес, бүкіл елдің болашағына да өз үлестерін қосады», – деп атап өтті ректор. ENU Endowment Fund директоры Динара Мұсабалина қорды және веб-сайтты https://endowmentenu.kz/ таныстыру барысында мақсатты капиталға қол сұғылмайтынын және жинақтау сипаты бар екенін атап өтті. Одан түскен инвестициялық табыс есебінен ғана жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарлануда. ЕҰУ-дың  құрылтайшы-түлектері мұқтаж студенттерге гранттар мен стипендиялар тағайындау арқылы қолдау көрсетуді, білім алушылардың ғылыми-инновациялық және кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесуді және талантты жастарға қолғабыс етуді жоспарлап отыр. Қорға 10 млн теңге көлемінде алғашқы жарнаны ENU Endowment Fund құрылтайшыларының бірі, ЖОО түлегі Дмитрий Инютин енгізді. Оның айтуынша, ұрпақтар сабақтастығын сақтау бүгінде аса маңызды.

Серіктес жаңалықтары