Приднестровьеде арандату әрекеттері басталды

Приднестровьеде арандату әрекеттері басталды

Приднестровьеде арандату әрекеттері басталды
ашық дереккөзі
Молдова Президенті Майя Санду Жоғары қауіпсіздік кеңесінде Приднестровьеде арандату әрекеттері басталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz point.md сайтына сілтеме жасап. Кеңес отырысында Приднестровьеде соңғы күндері болып жатқан инциденттер мен  оқиғалар жайы талқыланды.
«Соңғы күндері жарылыстар жиілеп кетті. Сепаратистік қозғалысқа қайта жан бітті. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел ішін арандатуды мүдделі күштер ұйымдастырып отыр», – деді Майя Санду.
Оның айтуынша, Приднестровьеде ресейлік арнайы қызмет агенттерінің әрекеттері әшкереленді. «Патриоттар тобы» деп аталған ұйым үндеу жариялады. Сондықтан қазір бізге аса сақ болу керек. Ал Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Приднестровье аумағында Ресей әскерлерінің жедел топтары жауынгерлік дайындық сапына қойылғанын, күштік құрылымдар қызметті күшейтілген режимде атқаруға көшірілгенін хабарлады. Тағы оқи отырыңыз: Путин Украинадағы қақтығысқа араласқандарға шұғыл түрде соққы жасалатынын мәлімдеді