«Құр баяндаманың керегі не?»: Шөкеев есеп бергіш әкімдерге ескерту жасады

«Құр баяндаманың керегі не?»: Шөкеев есеп бергіш әкімдерге ескерту жасады

«Құр баяндаманың керегі не?»: Шөкеев есеп бергіш әкімдерге ескерту жасады
ашық дереккөзі
Түркістан облысында аудан, қалалардағы санитарлық тазалықты сақтауда кемшілікке жол берген және карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы тосқауыл қоя алмаған басшылардың ісі майшаммен қаралады. Өйткені аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс әкімі аппараты отырысында заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы күрес жүргізу жөнінде аудан және қала әкіміне ескерту жасады. Жауаптылар құр баяндамадан гөрі, іске мән беру керек деп хабарлады turkystan.kz. Шөкеевтің айтуынша, Түркістан облысында өзендерден тас қазылып, үлкен жүк көліктері бірінен соң бірі жолдан өтіп жатыр. Бұл ретте жауаптылар өзіне тапсырылған істі соңына дейін жүйелі түрді істемейді екен. «Прокуратура, полиция, Көлік инспекциясы және өзге де құзырлы органдармен бірге жұмыс істеңіздер. Кеше ғана жөнделген жолдарға зиян тигізіп жатыр. Комиссия жұмысын жандандырып, жүйелі жұмыс атқару керек», – деді Өмірзақ Шөкеев. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста облыс аумағында санитарлық тазалықты сақтау мәселесі де қаралған. Облыс аумағында 2021 жылы тазалық саласында құқықбұзушылық жасаған 3 мыңдай азаматқа әкімшілік шаралар қолданылып, 3,9 млн. теңге айыппұл салынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес бұл бағытта жұмыс күшейтілген. Облыс аумағында елді мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарының іс-шара жоспары және сенбіліктер кестесі бекітілді. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Полатбековтың айтуынша, тазалық жұмыстары күшейе түскен.
«Мен бір орынбасарларыңызды тазалыққа жауапты етіп бекіту жөнінде тапсырма бердім. Сол орынбасар арнайы бөлімді, қызметкерлерді үйлестіріп, санитарлық тазалыққа тікелей жауап береді. Келіп, екі минутта баяндама оқып, жиналыстан шыққан соң тапсырманы ұмытып кетесіздер. Маған құр баяндаманың керегі не? Осы салаға бір жауапты адамды бекітіп, жұмысты күшейтіңіздер. Құрылыс және басқа мәселені айтпағанда бір қоқыс мәселесін шешуге болады ғой. Тапсырманы орындамайтын адам туралы айтыңыздар. Санитарлық тазалық мәселесі жіті бақылауда болады», – деген облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне осы сала бойынша есеп беріп тұратындықтарын ескертті.
Мәжілісте қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау полигондардың талапқа сәйкестендіру, елді мекендер аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтарды тарту, «Таза қала», «Таза ауыл», «Таза аула», «Таза көше» конкурстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді. Тағы оқи отырыңыз: «Шөкеев қонаққа арналған шапанды өзі киіп алды»: әкімдік видеоға түсініктеме берді