Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты тағайындалды

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты тағайындалды

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оған сәйкес Закиржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген. Айта кетсек, сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында Мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берген еді.