Елордада тұрғын үйлердің біріне құрылыс краны құлады (ВИДЕО)

Елордада тұрғын үйлердің біріне құрылыс краны құлады (ВИДЕО)

Елордада тұрғын үйлердің біріне құрылыс краны құлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жүк көтергіш кран алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, үйді қиратты деп жазды turkystan.kz. Әлеуметтік желіде қаладағы көпқабатты үйдің үстіне құрылыс краны құлап, 6-қабаттағы пәтерлердің бірінің терезесін сындырғаны бейнеленген видео тарады. БАҚ мәліметінше, оқиға бизнес орталығы салынып жатқан тұрғын үй кешенінің маңында болған. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның мәліметінше, 28 сәуір күні сағат 14:26-да Нұр-Сұлтан қалалық жедел-құтқару жасағының төрт адамы мен бір техникадан тұратын құрамы мекенжайға жөнелтілді.
«Алдын ала берілген мәлімет бойынша, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен жүк көтергіш кран құлаған. Шақыру орнына Нұр-Сұлтан қаласы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жөнелтілді», – делінген ТЖД хабарламасында.