ШҚО-да ауыл тұрғындары темекі мен ішімдіктен бас тартты

ШҚО-да ауыл тұрғындары темекі мен ішімдіктен бас тартты

ШҚО-да ауыл тұрғындары темекі мен ішімдіктен бас тартты
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жанұзақ ауылында  ішімдік мен темекі сатылмайды. Себебі ауыл тұрғындары зиянды өнімдерден бас тартқан деп хабарлады turkystan.kz. Жанұзақ ауылында 70-ке жуық отбасы тұрады. Ауыл тұрғындары бірауыздан 3 жылдан бері темекі мен ішімдіктен бас тартқан.  Той жасап, қонақ күтсе де ішімдікті дастарханға жолатпайды. Дүкендерінде алкогольді сусын мүлдем жоқ. Тұрғындардың сөзінше,  зиянды өнімдерден бас тартудың арқасында ауылда ұрлық, бұзақылық, жанжал азайған. Жастардың көбісі бос уақытында спортпен шұғылданады. Ауыл тұрғыны Маржангүл Мағауиянованың айтуынша, дүкендерде арақ сатылмауы, ешкімнің арақ ішпеуі –  келешек ұрпақтың тәрбиесіне үлкен көмек. Тағы оқи отырыңыз: «Жасөспірім қыздардың 60%-ы темекі шегеді» – Ажар Ғиният (ВИДЕО)