Шекарада қару ұстаған адам ұсталды

Шекарада қару ұстаған адам ұсталды

Шекарада қару ұстаған адам ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарада суық қару алып өтпек болған адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ол шекарадан телескопиялық таяқ алып өтпекші болған.
- Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» автомобильдік өткізу бекетінде телескопиялық таяқты өткізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл зат оның спорт сөмкесінде рентген аппаратының көмегімен табылды. Тәртіп бұзушы Ресей Федерациясынан «Омбы – Павлодар» бағытымен келе жатқан. Ол телескопиялық таяқшаның соққылы-жарғыш типті суық қаруға жататынын және оны Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынғанын білмеген, - деді ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі.
Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ.